Көлік жүргізуді —
түсініп үйрену
Теория, жүргізу және емтихан бір қосымшада. Әр сұрақ пен әр талдау Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларына негізделген.
Әр сұрақ Жол жүрісі
қағидаларымен тексерілген
Сұрақтар банкі Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының мәтіні мен ӘҚБтК-нің 30-тарауы негізінде құрылған. Әр сұрақта — заң тармағы мен түсіндірме; айыппұлдар — АЕК-пен.
Билет жаттамай,
ережені түсіну
Сұрақ — билеттегідей
Жол жүрісі қағидалары бойынша 207 сұрақ: белгілердің, жол таңбаларының және бағдаршамдардың суреттерімен. Әр сұрақта — ол негізделген заң тармағы және жауаптың неге дәл осындай екені туралы түсіндірме.
Қиылыс көз алдында өтеді
Жауаптан кейін көліктер кезек нөмірлерімен дұрыс ретпен өтеді, ал сызбаның астында — ереженің сөзбе-сөз тармағы. Жаттықтырғышта оқушы кімнің бірінші өтетінін өзі белгілейді.
Әлі үйренбегенін қайталайды
Үйренетін сұрақтар, өз қателері және таңдаулылар. Сабақтарды күтпей, бірінші күннен бастауға болады.
Емтиханға дейін қанша қалғаны көрінеді
Алты аптада алты тақырып, әр тақырыптан кейін тест және АвтоЦОН форматындағы қорытынды емтихан: 40 сұрақ, 40 минут, 8 қатеден артық емес.
Кім бірінші
өтеді?
Бұл — қосымшадағы нақты жаттықтырғыш. Жауапты таңдап, қатысушылардың қиылыстан ереже бойынша қалай өтетінін көріңіз.
Ереже — билет емес.
Ол — жолдағы шешім.
Сондықтан оқушы дұрыс жауаптың нөмірін жаттамайды: қиылыстан қалай өтетінін көріп, заң тармағын оқиды.
Бес рөл —
бір қосымша
Әркім тек өзіне қатыстыны көреді: оқушы — оқуын, нұсқаушы — жазылуларды, әкімші — топтар мен төлемдерді.
Оқушы
Апта бойынша тақырыптар, тесттер, жаттығу, жүргізуге жазылу және емтиханға дейінгі жол.
Теория оқытушысы
Тақырыптар бойынша сабақтар, қатысу және топтың тест нәтижелері.
Жүргізу нұсқаушысы
Бос уақыттарды ашады — оқушылар өздері жазылады. Келгендерді белгілейді.
Филиал әкімшісі
Топтар мен оқушылар, төлемдерді белгілеу, қызметкерлер мен көліктер.
Желі басшысы
Барлық филиал бір жерде, салыстыру және талдау.
Алғашқы оқушыға
дейін үш қадам
- ТанысуҚосымшаны сіздің автомектебіңіздің мысалында көрсетеміз.
- БаптауФилиал, топтар, оқытушылар, нұсқаушылар және көліктер.
- ОқуОқушылар телефоннан оқиды, мектеп әрқайсысының үлгерімін көреді.
Бізге жазыңыз — жауап беріп, көрсетуге келісеміз. Қосылу ақылы, шарттарын әр мектеппен жеке талқылаймыз.
Ең бастысы қысқаша
Қазақ тілі бар ма?
Иә. Қосымша толығымен қазақ және орыс тілдерінде, тіл баптауларда ауыстырылады.
Қандай телефондарда жұмыс істейді?
Android-та; iPhone нұсқасы шығаруға дайындалып жатыр. Веб-нұсқасы да бар — сол аккаунтпен primedrive.kz/app арқылы кіруге болады.
Сұрақтар заңға шынымен сәйкес пе?
Барлық 207 сұрақ Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларымен (ҚР ІІМ-нің № 534 бұйрығы) және ҚР ӘҚБтК-нің 30-тарауымен тексерілген. Әр сұрақта заң тармағы көрсетілген, айыппұлдар — АЕК-пен.
Оқушылар оқу ақысын қалай төлейді?
Бұрынғыдай — автомектепте. Әкімші төлемді қосымшада белгілейді, кім төлегені, кім қарыз екені бірден көрінеді. Қосымшада онлайн төлем жоқ.
Оқушылардың деректері қайда сақталады?
Қазақстан Республикасының аумағындағы дерекқорда. Толығырақ — құпиялылық саясатында.